Қызылордада қатты жел соғып, тұрғын үйдің шатырын жұлып кетті

/
Қызылордада қатты жел соғып, тұрғын үйдің шатырын жұлып кетті
видеодан скриншот

Қызылорда облысының Тасбөгет кентінде қолайсыз ауа райының салдарынан электр беру желісі зақымданды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қызылорда электр тарату желісі компаниясы» АҚ-ның мәліметінше, қатты жел тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетіп, ол 10/0,4 кВ әуе электр беру желісінің үстіне құлаған. Соның салдарынан электр сымдары үзіліп, бір электр бағанасы құлаған. Сонымен қатар, мешіттің зақымданған мұнарасы да электр желілері жабдықтарына қауіп төндірген. Осыған байланысты қалпына келтіру жұмыстары күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында авариялық-қалпына келтіру бригадалары үзілген электр беру желілерін қалпына келтіру және құлаған электр бағанасын қайта орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Акционерлік қоғамның басқарма төрағасы оқиға орнына жеке барып, қалпына келтіру жұмыстарының барысын өз бақылауына алып, жедел штабтың жұмысын үйлестіруде», – деп хабарлады компания.

29 маусым күні сағат 03:40-та Тасбөгет кентіндегі электрмен жабдықтау толықтай қалпына келтірілді.

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары