Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 164 адамға жетті. Тағы 971 адам жарақат алған, деп хабарлайды CNN.
Бұл туралы ел президентінің міндетін атқарушы Дельси Родригес мәлімдеді.
Оның айтуынша, табиғи апаттан ең көп зардап шеккен аймақ – ел астанасы Каракастың солтүстігінде орналасқан Ла-Гуайра ауданы. Қазір құтқарушылардың негізгі күші осы өңірге жұмылдырылған.
"Ол жақта ондаған ғимарат қирады. Қазір адамдарды құтқару үшін үздіксіз операциялар жүргізіп жатырмыз", – деді Родригес.
Билік өкілдері зардап шеккендерге көмек көрсету және қирандылар астында қалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.