Солтүстік Қазақстанда 16 жастағы жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті

/
Солтүстік Қазақстанда 16 жастағы жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті
shutterstock.com

Солтүстік Қазақстан облысында 2009 жылы туған жасөспірім суға батып кетті. Қайғылы оқиға 22 маусым күні кешке Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жасөспірім демалуға және шомылуға жабдықталмаған жерде суға түскен.

Бозбаланың денесі Есіл өзенінен, Мұқыр ауылынан шамамен бес шақырым жерден табылды. Оны судан СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шықты.

Құтқарушылар тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Мамандар тек ресми түрде рұқсат етілген, арнайы жабдықталған және құтқарушылардың бақылауындағы орындарда ғана шомылуға шақырады.

Тыйым салынған жерлерде суға түскені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мұндай тәртіп бұзушылық үшін 7 АЕК, яғни 30 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы бері бұл Солтүстік Қазақстан облысында суға кету бойынша тіркелген үшінші қайғылы жағдай.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары