Алматы – Қорғас тасжолындағы апатта үш адам қаза тапты: Haval жүргізушісі қамауға алынды

/
Алматы – Қорғас тасжолындағы апатта үш адам қаза тапты: Haval жүргізушісі қамауға алынды
видеодан скриншот

Алматы облысындағы Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апат 23 маусым күні болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Кінәлі деп танылған жүргізуші қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары