Шығын – 1,5 млн теңге: Астанада жас жігіт лифт есігін сындырған

/
Шығын – 1,5 млн теңге: Астанада жас жігіт лифт есігін сындырған
видеодан скриншот

Полиция қызметкерлері Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде мас болып, лифтіні қасақана бүлдірген 34 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құқық бұзушы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, алдымен бір, кейін екінші лифттің есіктерін күш қолданып сындырған. Ол есіктерді қолымен ашып, теуіп, жұдырықпен ұрып, нәтижесінде көтергіш жабдықтарды істен шығарған.

Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады.

Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды.

Полиция еске салады: бөтеннің мүлкіне қол сұғудың кез келген түрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. Заң мен тәртіп – қоғамдық мүліктің қауіпсіздігі мен сақталуының негізі.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар