Toyota көш бастады: ең сенімді 15 көлік маркасы анықталды

/
Toyota көш бастады: ең сенімді 15 көлік маркасы анықталды
сурет: istockphoto.com

АҚШ-тың  iSeeCars⁠ зерттеу компаниясы 174 миллионнан астам автокөлікке талдау жүргізіп, ең ұзақ қызмет ететін көлік брендтерінің рейтингін жариялады. Сарапшылар көліктердің 400 мың шақырымнан (250 мың миль) астам қашықтықты күрделі ақаусыз еңсеру ықтималдығын есептеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеу қорытындысы бойынша ең сенімді бренд деп Toyota танылды. Компания көліктерінің 400 мың шақырымнан артық жүру мүмкіндігі орта есеппен 17,8% болған. Бұл – саладағы орташа көрсеткіштен бірнеше есе жоғары нәтиже.

Екінші орынға Toyota-ның премиум бренді Lexus жайғасты. Үздік төрттікке сондай-ақ Honda мен Acura енді. Сарапшылар дәл осы төрт брендтің ғана орташа нарықтық деңгейден жоғары нәтиже көрсеткенін атап өтті.

Зерттеуде әсіресе жол талғамайтын көліктер мен пикаптар ұзаққа шыдамды екені айтылған. Атап айтқанда, Toyota 4Runner, Toyota Sequoia, Toyota Tacoma және Toyota Tundra модельдері ең сенімді көліктер қатарына кірген. Сонымен бірге Toyota Prius гибриді мен Toyota Avalon седаны да жоғары бағаланған.

Ал еуропалық BMW, Mercedes-Benz және Audi брендтері сенімділік бойынша алғашқы ондыққа кірмеген.

Зерттеу авторлары жапон көліктерінің басты артықшылығы – сапалы құрастыру, қарапайым әрі төзімді инженерлік шешімдер және ұзақ мерзімге бейімделген техникалық жүйелер екенін айтады.

Ең ұзақ қызмет ететін 15 брендтің қатарына мына компаниялар енген:

1. Toyota
2. Lexus
3. Honda
4. Acura
5. Tesla
6. Cadillac
7. Lincoln
8. Buick
9. GMC
10. Chevrolet
11. Nissan
12. Mazda
13. Subaru
14. Infiniti
15. Ford

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары