Щучинск тұрғыны сүйіктісін ұрып өлтірген

/
Щучинск тұрғыны сүйіктісін ұрып өлтірген
istockphoto.com

9 маусым күні Ақмола облысының Щучинск қаласында жас қыз қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Редакцияның сауалына жауап берген Ақмола облысы Полиция департаменті алдын ала мәліметтермен бөлісті. Олардың мәліметінше, жанжал барысында ер адам жәбірленушіге дене жарақаттарын салған, соның салдарынан қыз кейін көз жұмған.

«Күдікті, яғни марқұмның бірге тұрып жүрген серіктесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Марқұмның жақындары мен таныстары оның мейірімді, жарқын мінезді жан болғанын айтады. Әлеуметтік желі қолданушылары оның отбасына көңіл айтып, қайғысына ортақтасуда. Марқұммен қоштасу рәсімі бүгін Щучинск қаласында өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары