Нидерландыда әлемдегі алғашқы малсыз ферма ашылды

/
Нидерландыда әлемдегі алғашқы малсыз ферма ашылды
сурет: istockphoto.com

Нидерландтың Схиплёйден қаласында әлемдегі алғашқы мал ұстамайтын ферма іске қосылды. Мұнда сиыр немесе басқа жануар өсірілмейді, оның орнына арнайы биореакторларда жануар жасушаларынан нағыз ет өндіріледі, деп хабарлайды turkystan.kz nltimes.nl-ге сілтеме жасап.

Жоба пилоттық форматта жұмыс істейді. Ғалымдар аз мөлшердегі жануар тінін алып, оны температура, оттегі және қоректік заттар қатаң бақыланатын резервуарларда өсіреді. Нәтижесінде кәдімгі еттен дәмі мен құрамы аса айырмашылығы жоқ өнім алынады. Сонымен қатар май, ақуыз және көмірсу деңгейін реттеуге мүмкіндік бар.

Жобаға Оңтүстік Голландия провинциясы 500 мың еуро инвестиция салған. Әзірге зертханада өсірілген етті Еуроодақта коммерциялық сатуға рұқсат берілмеген.

Ферма бұрыннан сүт шаруашылығымен айналысқан ван Леувендер отбасына тиесілі. Қазір фермер Корне ван Леувен бұл технологияны дәстүрлі шаруашылыққа қосымша бағыт ретінде дамытпақ.

Фермада биыл арнайы тәжірибе орталығы да ашылады. Онда фермерлер, студенттер және келушілер зертханада ет өсіру процесін өз көзімен көре алады. Толыққанды пилоттық ферманы 2028 жылға қарай іске қосу жоспарланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары