Жамбылда келуші мен даяшы арасындағы жанжал сотта қаралды

/
Жамбылда келуші мен даяшы арасындағы жанжал сотта қаралды
istockphoto.com

Жамбыл облысының Сарысу аудандық соты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылдың мамыр айының басында Жаңатас қаласындағы мейрамханалардың бірінің жанында азаматтар А. және Е.-нің арасында жанжал туындады. Оқиға барысында даяшы – азамат А. қоғамдық орында балағат сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытты.

Сотта құқық бұзушы өзінің кінәсін ішінара мойындап, жанжалдың себебі келушінің қызмет ақысын төлеуге наразылық танытқанымен түсіндірді. Оның айтуынша, келуші көрсетілген қызметке наразы болып, оған ақы төлеуден бас тартты. Бұл ретте ол азамат Е.-ні балағаттамағанын атап өтті.

Жәбірленуші мейрамханада оған тиісті деңгейдегі қызмет көрсетілмегенін айтып, осыған байланысты ол қызмет ақысын төлеуден бас тартқан. Сонымен қатар, жанжал барысында А.-ның оны балағаттап, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлағанын айтты.

Сот қаулысымен А. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 86 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары