Атырауда салық төлемеген 36 кәсіпкер анықталды

/
Атырауда салық төлемеген 36 кәсіпкер анықталды
istockphoto.com

Атырау облысының Исатай ауданының прокуратурасы жергілікті бизнестің салық төлеу барысына талдау жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көптеген кәсіпкерлердің жылдар бойы өздерінің коммерциялық нысандарының құнын төмендетіп көрсеткені немесе мүлік салығын уақытылы төлеуді жай ғана «ұмытып» кеткені анықталды. 

Прокурорлық тексеріс барысында жылжымайтын мүлікке міндетті бағалау жүргізбей, соның салдарынан бюджетке салықты толық төлемей келген 36 кәсіпкер анықталды. 

Прокуратураның араласуынан кейін мемлекет қазынасына 2,6 млн теңге өндірілді. 

Жіберілген заңбұзушылық үшін салық органының жауапты қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстардың жалғасып жатқанын ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары