"Өзіміз отырып шай іштік": Олимпиада чемпиондарының бірге түскен суреті көпшілікті тәнті етті

/
"Өзіміз отырып шай іштік": Олимпиада чемпиондарының бірге түскен суреті көпшілікті тәнті етті
ашық дереккөзден

Бокстан Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиевтың бірге түскен суреті желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Серік Сәпиев жүктеген ол суреттің астына Бақыт Сәрсекбаев "Өзіміз отырып шай іштік" деген жазба қалдырған.

Еске сала кетейік, үш боксшы да Олимпиада ойындарында 69 келіде чемпион атанған. Бақтияр Артаев – 2004 жылғы Афины Олимпиадасының чемпионы, Бақыт Сәрсекбаев – 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы. Ал Серік Сәпиев –  2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар