Алатау жобасына білікті шетелдік сарапшыларды тарту қажет – Мемлекет басшысы

/
Алатау жобасына білікті шетелдік сарапшыларды тарту қажет – Мемлекет басшысы
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңеске қатысты. Кеңесте Мемлекет басшысы Алатау жобасына қатысты заңнамалық жұмыс жылдам әрі сапалы жүргізілуге тиіс екенін, бұл – аса маңызды стратегиялық міндет екенін баса айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Түптеп келгенде, мұндай жұмыс жүйесі құқықтық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді және орынсыз заңнамалық өзгерістерден қорғап, жедел және тез шешімдер қабылдауға ықпал етеді. Алатау жобасына қатысты реттеу актілерін әзірлеу барысында міндетті түрде осындай құқықтық жүйелерді құру ісінде мол тәжірибесі бар білікті шетелдік сарапшыларды тарту қажет. Қала әкімшілігі негізгі реттеу актілерінің барлығын бір жылдың ішінде қабылдауды жоспарлап отыр. Қаланы дамыту жөніндегі кеңес бұл істі мейлінше тез қолға алуы керек. Жұмысты соза беруге болмайды. Әйтпесе, инвестициядан құр қаламыз. Бизнес өкілдері де бізге сеніп отыр, сондықтан, бұл жұмысқа нұқсан келтіруге болмайды. Халықаралық инвесторлар қолайлы жағдай жасайды деп, жылдар бойы күтіп отырмайды. Олар қай жерде мол мүмкіндік болса, соған сай бірден шұғыл шешім қабылдайды. Алатау жобасына қатысты заңнамалық жұмыс жылдам әрі сапалы жүргізілуге тиіс. Бұл – аса маңызды стратегиялық міндет», - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар