Қостанай облысында екі қайғылы оқиға болды. Бір адам Лисаковск қаласында, екіншісі Жітіқара қаласында қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Лисаковскіде Тобыл өзенінде шомылу кезінде 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол достарымен бірге өзен жағасында демалып жүрген.
Тағы бір қайғылы жағдай Жітіқарадағы Шортанды өзенінде болған. Рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде 44 жастағы ер адам суға кеткен. Құтқарушылардың мәліметінше, ол мас күйде болған.
Құтқарушылар өңір тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, жабдықталмаған жерлерде шомылмау қажеттігін тағы да еске салды.