"Мадинаш қазір тірі болса...": Мадина Ерғалиеваның сіңлісі естелік суреттер жариялады

/
"Мадинаш қазір тірі болса...": Мадина Ерғалиеваның сіңлісі естелік суреттер жариялады
Әлеуметтік желіден

Белгілі әнші Мадина Ералиеваның сіңлісі Сағира әлеуметтік желіде марқұм әпкесін еске алып, архив суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жазбасында Мадина Ералиеваның суретке түсіруге ерекше әуес болғанын айтып, өткен күндерді сағынышпен еске алған.

«Ескірмеген суреттер! Мадинаш қазір тірі болса, Бибігүл апасымен небір қызық сәттерді суретке түсіріп жүрер ме еді...?! 90-жылдары цифровой фотоаппараттың енді шығып жатқан кезі болатын. Мадинаш сол кездің өзінде небір қызық сәттерді суретке түсіріп үлгеретін және тез шығарып ала қоятын», – деп жазды Сағира.

Желі қолданушылары жазба астында жылы пікір қалдырып, әншіні сағынышпен еске алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары