Ұлттық ұланда үстел теннісінен турнир жеңімпаздары анықталды

/
Ұлттық ұланда үстел теннісінен турнир жеңімпаздары анықталды
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының спорт залында үстел теннисі бойынша жеке-командалық біріншілігі өткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарысқа бас басқармалар, басқармалар  және қызметтердің құрама командалары қатысты, барлығы 30 қатысушы. Қатысушылар жоғары спорттық нәтижелер көрсетті.

Қатысушылар жекелей, жұптық және командалық сында шын мықтыны анықтап көрді.

Жарыс қорытындысы бойынша жекелей сында жарыс қорытындысы төмендегідей:
I орын – Кадр және әскери білім басқармасы жасақтау бөлімінің аға офицері майор Саят Шыныбай;
II орын – Жауынгерлік даярлық бас басқармасының офицеры майор Асет Байсбаев;
III орын – Жауынгерлік қызмет бас басқармасының офицері подполковник Жанибек Калыбеков.

Жұптық сын бойынша топ жарғандар: 
I орын  – Жауынгерлік қызмет бас басқарма командасы;
II орын – Байланыс басқарма командасы;
III орын – Арнайы операциялар орталық командасы.

Командалық сында топ жарғандар: 
I орын – Арнайы операциялар орталық командасы
II орын – Жауынгерлік қызмет бас басқарма командасы
III орын – Байланыс басқарма командасы.

Осындай жарыстар әскери қызметшілердің  спорттық шеберлігін арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстануда ерекеше маңызға ие. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары