Қарағандыда 20 жастағы қызды көлік қағып кетті

/
Қарағандыда 20 жастағы қызды көлік қағып кетті
istockphoto

Қарағандыда көлік қағып кеткен 20 жастағы қыз көз жұмды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаменті хабарлады.

Жол апаты 23 мамырға қараған түні Университет көшесінде, ҚарУ жатақханасының маңында болған.

Полицияның мәліметінше, Lada көлігін басқарған 33 жастағы жүргізуші Университет көшесімен келе жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған қызды қағып кеткен.

2006 жылы туған бойжеткен алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаменті.

Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда барынша мұқият болуға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары