Ақмола облысында жоғалып кеткен қойшының денесі табылды

/
Ақмола облысында жоғалып кеткен қойшының денесі табылды
istockphoto

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған қойшы үш күннен кейін өлі күйінде табылды.

Ақмола облысы Капитоновка ауылының 44 жастағы тұрғыны 19 мамыр күні хабар-ошарсыз кеткен. Ер адамның жоғалуына байланысты полицияға арыз түсіп, бірден іздестіру жұмыстары басталған.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, іздеуге полиция қызметкерлерімен қатар жергілікті тұрғындар да жұмылдырылған. Үш күнге созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде 22 мамыр күні ер адамның мәйіті табылды.

Ведомство өкілдері алғашқы тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді.

Аталған факі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері атқарылуда. Соның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.

Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сараптама оның нақты неден көз жұмғанын анықтауға тиіс.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары