«Маған көмектесіңдерші»: емші Бағдагүл халықтан жылап көмек сұрады (ВИДЕО)

/
«Маған көмектесіңдерші»: емші Бағдагүл халықтан жылап көмек сұрады (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Танымал ақтөбелік емші Бағдагүл әлеуметтік желідегі тікелей эфирде көзіне жас алып, халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айтуынша, продюсер Баян Алагөзова мен тележүргізуші Динара Сәтжан өздеріне тіл тигізді деген айыппен оны сотқа берген.

Тікелей эфир барысында емші жаңалықтарда нақты дәлелденбеген ақпараттардың жарияланып жатқанын айтып, күйзеліске түскенін жасырмады.

«Ұят емес пе жаңалықтардан ешқандай бітпеген, дәлелденбеген нәрсені бергендері? Көзіңнен жас шыққан жоқ дейді. Адамдар неге сондай қанішер? Құдай мені кешірсін! Маған көмектесіңдерші! Мен білмеймін не істерімді? Қайда бару керек айтыңдаршы. Ешкімге керексіз болып қалдым ба не? Бұл әйелдерден неге қорқасыңдар? Олар дұрыс адамдар емес! Қазақтың өміріне балта шабатын әйелдер! Мен саған жол бермеймін, Баян!», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары