Алтын өндіретін кәсіпорынға заңсыз кірген 20 адам қамауға алынды

/
Алтын өндіретін кәсіпорынға заңсыз кірген 20 адам қамауға алынды
istockphoto.com

Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық соты қараша айында күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру фактісі бойынша 20 азаматқа қатысты 20 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот 2026 жылғы 28 сәуірде түнгі уақытта Мойынқұм ауданындағы жеке күзет ұйымы күзететін қауіпті өндірістік объектіге жататын алтын өндіруші кәсіпорынның аумағына 20 азаматтың заңсыз кіргенін анықтады. 

Сотта барлық құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, істеген істеріне өкініш білдірді.

Әрқайсысының кінәсі түсініктемелерімен, полиция қызметкерлерінің және компанияның лауазымды тұлғалардың баянаттарымен дәлелденді.

Сот кінәні мойындауды және жасаған ісіне өкінуді жеңілдететін жағдай ретінде мойындады. 9 құқық бұзушыға қатысты сот осындай құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауды ауырлататын мән-жайлар деп таныды. 

Сот қаулыларымен барлық 28 азамат ӘҚБтК-нің 506-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсы 15 тәулік мерзімге қамаққа алынды. 

Сот қаулылары заңды күшіне енді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар