Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Тұрсынбекқызы әкесімен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әдемі әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап беріп, отбасындағы қарым-қатынас жайлы ашық айтты.
“Мен тек өз атымнан жауап беремін: менің папаммен, Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Әрине, барлық адамдардағыдай реніштер мен түсініспеушіліктер болды. Бірақ менің әкем біреу ғана, мен оны қандай болса да сол қалпында қабылдаймын. Ең бастысы – ол бізді жақсы көреді. Қазір біздің қарым-қатынасымыз бұрынғыдан әлдеқайда жақсарды”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ Әдемі бауырларының да әкесімен арақатынасы жақсы екенін атап өтті.
“Бұл Айбым, Айару, Нұриман мен Райымбектің әкемен қарым-қатынасы нашар дегенді білдірмейді. Оларда да бәрі жақсы. Тек олар жабықтау адамдар, әркім өзі үшін сөйлейді”, – деді Тұрсынбекқызы.