«Түрмеге жапсаңдар да»: Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан сотқа берген емші халықтан көмек сұрады

/
«Түрмеге жапсаңдар да»: Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан сотқа берген емші халықтан көмек сұрады
Әлеуметтік желіден

Танымал ақтөбелік емші Бағдагүл өзін сотқа берген продюсер Баян Алагөзова мен журналист Динара Сәтжан туралы пікір білдіріп, көпшіліктен қолдау сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Емшінің айтуынша, ол қазақ тілі мен ұлттық құндылықтарды қорғап жүргенін алға тартқан.

«Құрметті Қазақ елі! Баян мен Динара мені сотқа берді. Бірақ олар қазақ әйелдерін бұзып жүр. Олардың заң бұзушылықтары, дінге, салт-дәстүрге қарсы әрекеттері өте көп. Қазақ тілінде сөйлегілері келмейді. Қазақ тілінің абыройы үшін күресуіміз керек. Сондықтан барша қазақ елінен мені қолдауды сұраймын», – деді ол.

Сондай-ақ Бағдагүл өзіне орыс тілінде жазып, қысым көрсетіп жатқанын айтып шағымданды.

«Менімен арпалысып отырсыңдар! Ұяттан безген, ана тіліне құрметі жоқ адаммын! Мен соған қарсы шыққаным үшін түрмеге жапсаңдар жаба беріңдер!» – деді емші.
Ол сөз соңында өзіне тиіспеуді ескертіп, эмоцияға толы мәлімдеме жасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар