Түркі әлемі әрдайым тату болып, бірлесе дами беруі керек – Мемлекет басшысы

/
Түркі әлемі әрдайым тату болып, бірлесе дами беруі керек – Мемлекет басшысы
Ақорда

Бүгін Түркістанда түркі елдерінің басын қосқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр. Саммитте сөз сөйлеген Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес» екенін айтып, Ұйымды әскери альянс ретінде сипаттаушыларға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ең бастысы, жаңа форматтағы жұмыс Ұйымның мақсат-міндеттеріне сай болып, оған кері әсерін тигізбеуі керек. Мысалы, соңғы кезде Ұйымымызды әскери альянс ретінде сипаттайтын ой-пікірлер айтылып жүр. Олардың теріс пейілі бізге анық, мақсаттары – елдестіру емес екені де белгілі. Қазақстан ондай ұстанымды жоққа шығару керек деп санайды. Біз үшін түркі әлемінің бірлігін нығайту аса маңызды, кезек күттірмейтін басымдық. Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес, әскери ұйым да емес. Бұл – бауырлас елдердің сауда-экономикалық, жоғары технологиялық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтатын бірегей алаң. Мұндай ұстаным еліміз үшін – маңызды басымдық, себебі, бұл ұлттық мүдде тұрғысынан да тиімді екені анық. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген аталы сөз – бәрімізге ортақ. Түркі әлемі әрдайым тату болып, алға қойған мақсатынан ауытқымай, бірлесе дами беруі керек. Сондықтан бүгінгі басқосу тамыры бір, тарихы ортақ елдеріміздің ауызбіршілігін арттыра түсері сөзсіз», - деді Президент.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар