Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды Астанада қарсы алды

/
Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды Астанада қарсы алды
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түркия басшысының сапарына ерекше құрмет көрсетілді. Ердоған мінген ұшақ Қазақстан әуе кеңістігіне енген сәттен бастап Астана әуежайына дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшып барды.

Астана әуежайында Түркия Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды. Трап алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп, ресми делегацияға құрмет көрсетті.

Сонымен қатар екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар Режеп Тайип Ердоған бастаған Түркия делегациясын қазақ және түрік тілдерінде қарсы алды. Олар "Ata yurda hoş geldiniz!" – "Атажұртқа қош келдіңіз!" деп қошемет білдірді.

Салтанатты сәтте Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік туларын желбіреткен тікұшақтар әуежай алаңының үстімен ұшып өтті. Бұл көрініс екі ел арасындағы бауырластық пен стратегиялық серіктестіктің символына айналды.

Әуежай терминалында жас өнерпаздар Түркия көшбасшысына арнап "Домбыра" композициясын орындады. Осылайша Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапары ерекше құрметпен және жылы ықыласпен басталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары