Жұмыстағы күйзелістің басты себебі анықталды

/
Жұмыстағы күйзелістің басты себебі анықталды
сурет: istockphoto.com

Journal of Vocational Behaviour журналында жарияланған жаңа зерттеу нәтижесіне сәйкес, қызметтік міндеттердің нақты айқындалмауы жұмысшылар үшін ең үлкен күйзеліс көзі болып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалымдар 1964 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықтағы ғылыми еңбектерді талдап, шамамен 80 мың адам қатысқан 515 тәуелсіз зерттеудің деректерін қарастырған.

Зерттеу барысында кәсіби күйзелістің негізгі үш себебі анықталған:

– қызметтік міндеттердің бұлыңғыр болуы;
– бір-біріне қайшы келетін тапсырмалардан туындайтын қақтығыс;
– шамадан тыс жұмыс жүктемесі.

Мамандардың айтуынша, қызметкер өзінен нақты не талап етілетінін білмесе, қандай нәтижемен бағаланатынын түсінбесе және кәсіби даму бағытын көрмесе, бұл психологиялық қысымды күшейтеді.

Зерттеу авторлары мұндай белгісіздік адамның өз күшіне деген сенімін әлсіретіп, жұмысқа деген ынтасын төмендететінін атап өтті.

Ғалымдардың пікірінше, қызметкер үнемі қай іске басымдық беру керегін «болжап» жүруге мәжбүр болады. Уақыт өте келе бұл эмоционалдық шаршауға, күйіп кету синдромына және еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Зерттеу нәтижелері компанияларға ұжым ішіндегі ахуалды жақсырақ бағалауға және қызметкерлердің күйзелісін азайтатын әдістер енгізуге көмектеседі.

Мамандардың айтуынша, нақты міндеттер мен түсінікті талаптар қызметкерлердің кәсіби дамуына да, ұйымның табысына да оң әсер етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары