Жалғас Қайролла дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына алтын медаль салды

/
Жалғас Қайролла дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына алтын медаль салды
ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде молдовалық Петру Пеливанмен кездесті.

Қайролла финалдық белдесу барысында басымдық танытып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша Жалғас Қазақстан құрамасына төртінші жүлдені сыйлады. Бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) пен Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар