"Ауруымның диагнозы жоқ": Айгүл Иманбаева ешкімге айтпаған құпия сырын ашты

/
"Ауруымның диагнозы жоқ": Айгүл Иманбаева ешкімге айтпаған құпия сырын ашты
Youtube/Jibek Joly TV. Суретте: Айгүл Иманбаева

Белгілі әнші Айгүл Иманбаева журналист Аман Тасығанқа берген сұхбатында денсаулығына қатысты қиын кезеңді бастан өткергенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әншінің айтуынша, өткен жылдың қыркүйегінде жұмысқа қайта оралудың орнына жағдайы күрт нашарлап, ұзақ уақыт бойы төсек тартып қалған.

"Қыркүйек айында келіп жұмысқа кірісудің орнына екі бүктетіліп жатып қалдым. Ауруымның диагнозы жоқ. Жүрегім қысылып аузыма тығылады. Қысылғаннан жылаймын. Тек жата беремін. Түнде жүрегім аузымнан шығардай тарсылдайды. Ұйқы жоқ. Таңертең бар күшімді жиып жұмысқа барайын десем тағы екі бүктеліп жатамын. Ешнәрсе істегім келмейді. Одан кейін компаниямның басшысы Ұлдарға онкологияға күдік бар дейді. Екеуміз екі жаққа жатып қаламыз, жұмыс жайына қалды. Түгел минусқа кеттік", – деді Айгүл Иманбаева.

Бұған дейін Айгүл Иманбаева журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында екінші жарымен қалай танысқанын ашық айтып берген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары