Жануарларды жәбірлегендердің жазасы ауырлайды – Еділ Жаңбыршин

/
Жануарларды жәбірлегендердің жазасы ауырлайды – Еділ Жаңбыршин
сурет: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жануарларға жәбір көрсеткендердің жауапкершілігін күшейту жөніндегі заң жобасы аясында бірқатар маңызды өзгерістер ұсынылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, бұл бастама Қасым-Жомарт Тоқаев қойған тапсырмаларға сәйкес әзірленген. Мемлекет басшысы жануарларға қатыгездік үшін жазаны күшейтуді және олардың иелерінің жауапкершілігін арттыруды талап еткен болатын.

Депутаттың сөзінше, қоғамда бұл мәселе үлкен резонанс тудырып отыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу ұсынылған.

Атап айтқанда:
– жануарларды күтіп ұстау және оларға қарау бойынша иелердің жауапкершілігі күшейтіледі;
– тиісті баптар бойынша айыппұл көлемі бірнеше есе арттырылады;
– жануарларға зақым келтіргені үшін қамау мерзімі 2 айдан 6 айға дейін ұлғайтылмақ;
– жануарларды қатыгездікпен өлтірген жағдайда жаза 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін күшейтіледі;
– сондай-ақ мүлікті тәркілеу мүмкіндігі қарастырылған.

Жаңбыршиннің айтуынша, Үкімет бұл ұсыныстарға оң қорытынды берген. Құжат екінші оқылымға дейін қосымша пысықталады.

«Біз Президент тапсырмасын орындауға міндеттіміз. Бұл – тек құқықтық мәселе емес, болашақ ұрпаққа үлгі болатын маңызды қадам. Жануарларға қатыгездік танытқандар заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады», – деді депутат.

Оның сөзінше, заң жобасында әлі де толықтыруды қажет ететін нормалар бар, олар екінші оқылымға дейін нақтыланады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары