«Қазцинк» зауытындағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

/
«Қазцинк» зауытындағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды
polisia.kz

Өскемендегі «Казцинк» зауытында болған жарылыстан кейін Шығыс Қазақстан облысының полициясы еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдай салдарынан екі жұмысшы қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды.

«Оқиға орнында тергеу-жедел топтары жұмыс істеуде, болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін шұғыл тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу іс-шараларын жүргізеді», – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінде.

Тексеруге еңбек инспекциясы мен экологтар да тартылған. Қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге көмек көрсетілетіні айтылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары