Ас үйде жиі пайдаланылатын дәмдеуіш бүйрекке пайдалы болуы мүмкін

/
Ас үйде жиі пайдаланылатын дәмдеуіш бүйрекке пайдалы болуы мүмкін
сурет: istockphoto.com

Ғалымдар куркума құрамындағы белсенді зат куркуминнің бүйректі нанопластиктің зиянды әсерінен қорғауы мүмкін екенін анықтады. Зерттеу нәтижелері Food & Function журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеу барысында ғалымдар полистиролдан түзілетін нанобөлшектердің әсерін қарастырды. Мұндай микробөлшектер пластик қаптамалардың ыдырауы кезінде пайда болады. Тәжірибелер олардың бүйрекке айтарлықтай зиян келтіретінін көрсетті:
– зақымдану көрсеткіштері артады,
– қабыну күшейеді,
– оттегінің белсенді түрлері жиналады,
– жасушалардың жойылу процесі іске қосылады.

Ал куркумин енгізілген кезде бұл жағымсыз өзгерістер айтарлықтай бәсеңдеген. Зат қабыну мен жасушалық күйзеліске жауап беретін PI3K/AKT/NF-κB сигналдық жолын тежеп, жасушалардың өміршеңдігін реттейтін ақуыздар теңгерімін қалпына келтірген және ДНҚ зақымдануын азайтқан.

Зерттеушілер куркуминнің күшті антиоксиданттық және қабынуға қарсы қасиеттері бар екенін атап өтеді. Сондықтан ол болашақта нанопластиктің зиянды әсерінен қорғайтын құрал ретінде қарастырылуы мүмкін.

Дегенмен, бұл нәтижелер әзірге тек зертханалық жағдайда алынған. Адам ағзасындағы әсерін нақты растау үшін қосымша зерттеулер қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары