Қызылордада судан шыға алмай жатқан ботаны құтқарған жандардың әрекеті көпті тәнті етті

/
Қызылордада судан шыға алмай жатқан ботаны құтқарған жандардың әрекеті көпті тәнті етті
видеодан скриншот

Қызылорда облысында Шіркейлі каналынан ботаны құтқарып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға туралы хабар 112 қызметіне Махамбет ауылынан түскен. Бота каналға түсіп кетіп, өздігінен шыға алмай қалған. Жануар Байқадамов көшесі маңындағы суда байқалған.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, жағдайды бағалаған соң арнайы құрал-жабдықтарды пайдаланып, құтқару жұмысына кіріскен. Арқан мен қажетті жабдықтардың көмегімен ботаны абайлап жағаға шығарып алған.

ТЖМ өкілдерінің айтуынша, операция жылдам әрі үйлесімді жүргізілген. Бота зардап шекпеген, қазіргі уақытта қауіпсіз жерде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар