Алматыда лауазымды тұлғалар жымқырған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды

/
Алматыда лауазымды тұлғалар жымқырған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
istockphoto.com

«Метрополитен» КМК-ның лауазымды тұлғалары мердігер ұйымдардың басшылары және қызметкерлерімен алдын ала сөз байласу арқылы Алматы қаласында метрополитенді салу және жабдықтауға бөлінген бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру схемасын ұйымдастырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алмалы аудандық сотының үкімімен «Метрополитен» КМК-ның және мердігер ұйымның 10 лауазымды тұлғасы мүлкін тәркілеумен ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға, және келтірілген залалды ортақ тәртіппен өндіруге сотталған.

Кассациялық тәртіппен сот актісінің заңдылығы тексеру барысында жымқырылған қаражаттың 127 млн теңге сомасы басқа заңды тұлғаның банк шоттарынан анықталды.

Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша сот актілері өзгертіліп, көрсетілген қаражат мемлекет кірісіне өндірілді.

Аталған факт мемлекеттік қаржыға қол сұғушылық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын айқын көрсетеді және бюджет қаражатын пайдалану кезінде лауазымды тұлғалар мен өзгеде қатысушылардың жоғары деңгейдегі адалдықты, заңдылықты және жеке жауапкершілікті сақтауға міндетті екенін айқындайды, өйткені бұл саладағы кез келген заң бұзушылықтар мемлекет тарапынан ерекше бақылауда болады және қатаң құқықтық салдарға әкеледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары