Шетел азаматы Қарағандыдағы кәсіпорын аумағынан өртке қарсы жабдықтарды ұрлаған

/
Шетел азаматы Қарағандыдағы кәсіпорын аумағынан өртке қарсы жабдықтарды ұрлаған
polisia.kz

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық полиция бөліміне жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілінен кәсіпорын аумағынан өртке қарсы жабдықтардың ұрланғаны жөнінде арыз түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгісіз тұлға өрт крандарын, жинақтаушы бөлшектері бар өрт сөндіру құбырларын, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі жүйесінің аса маңызды элементтері – көмірқышқылды өрт сөндіргіштерді қолды еткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – көрші мемлекеттің 35 жастағы азаматы. Ұсталған сәтте ер адам өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында оның тағы бір қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Атап айтқанда күдікті көршілес шағынаудандағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінен велосипед ұрлаған.

Қазіргі уақытта ұрланған барлық мүлік тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді. Күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметкерлері оның бұған дейін жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары