Боксшы Аида Әбікеева Әлем кубогінің күміс жүлдегері атынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әлем кубогінің финалдық жекпе жектері жалғасып жатыр.
Екі дүркін әлем чемпионы, 65 келідегі Аида Әбікеева өзбекстандық Навбахор Хамидовамен жолықты.
Қос боксшы 3 раунд бойы шиеленісті айқас өткізіп, басымдықты өздерінің қолдарына алуға тырысты. Ал төрешілер 5:0 есебімен Навбахор Хамидованы жеңімпаз деп таныды.