Қазақстан ерлер құрамасы 3×3 баскетболдан жағажай Азиадасында Қатарға есе жіберді

/
Қазақстан ерлер құрамасы 3×3 баскетболдан жағажай Азиадасында Қатарға есе жіберді
ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы 3×3 баскетболдан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарында Қатарға жол берді.

Ұлттық құрама С тобындағы екінші ойында Қатармен кездесті. Матч 22:15 есебімен қатарлықтардың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін отандастарымыз Үндістан командасына есе жіберген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары