Ақтауда екі жасөспірімді бір топ жігіт соққыға жыққан

/
Ақтауда екі жасөспірімді бір топ жігіт соққыға жыққан
видеодан скриншот

Ақтауда бір топ жас жігіт 17 жастағы екі жасөспірімге шабуыл жасап, оларды соққыға жыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал 20-шағын ауданда болған. Бір топ жас жігіт екі бозбалаға шабуыл жасап, оларға дене жарақаттарын салған. Оқиғаның бір бөлігін жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінің терезесінен видеоға түсіріп алған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталған — екеуі де 17 жаста. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжалға қатысушылар бір-бірін танитын болған. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары