Атырауда балалар дер кезінде полиция шақырып, аналарын ажалдан арашалап қалды

/
Атырауда балалар дер кезінде полиция шақырып, аналарын ажалдан арашалап қалды
видеодан скриншот

Атырау облысының Құлсары қаласында балалардың дер кезінде полицияға хабарласуының арқасында әйел адам аман қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәліметке сәйкес, 22 сәуір күні кешкі уақытта балалар үйге кіре алмай, көмек сұрап полицияға жүгінген. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік қызметкерлерге көршілер пәтерден газдың өткір иісі шығып жатқанын айтқан.

Қауіптің жоғары екенін түсінген тәртіп сақшылары уақыт оздырмай, пәтер есігін бұзып ішке кірген. Пәтер ішінде ес-түссіз жатқан әйел табылып, полицейлер жедел жәрдемді күтпей-ақ оны қызметтік көлікпен ауруханаға жеткізген.

Кейін тексеру барысында ас бөлмесіндегі газ плитасының ашық қалғаны және газдың бөлме ішіне таралғаны анықталған. Полиция қызметкерлері оқиға орнында қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдап, арнайы газ қызметін шақырған.

Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы толық анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары