8 мың қазақстандық аты-жөнін өзгерткен

8 мың қазақстандық аты-жөнін өзгерткен

8 мың қазақстандық аты-жөнін өзгерткен
ашық дереккөзі
Қазақстанда 2016 жылы аты, тегі, әкесінің атып ауыстыру туралы 8 мың акт тіркелді. «ҚазАқпараттың» арнайы сауалына байланысты ҚР Әділет министрлігі осындай мәлімет берді. «АХАЖ тіркеу бөлімі Ақпараттық жүйесінің ұсынған деректері, 2015 жылы 7156 адам есімін, тегін, әкесінің атын ауыстыру актісі тіркелді. 2016 жылы 7843 акті, 2017 жылдың 1-ші тоқсанында 1833 акті тіркелген», - деп хабарлады министрліктен. Заң бойынша, қазақстандықтар 13 себеппен ғана есімін, әкесінің атын және тегін ауыстыра алады. Осылардың ішінде, әкесінің немесе атасының аты бойынша тегін ауыстырғысы келетін жағдайлар көп кездеседі. «Тіркеу органдары өз есімін, тегін және әкесінің атын өзгерткісі келген адамның өтінішін 16 жасқа толғаннан кейінгі жеке өтініші бойынша тіркейді. Жеке мәліметтерін өзгерткісі келетіндердің орташа жасы 26-33 жас аралығында», делінген ведомство мәліметінде.