Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшының қаза тапқаны туралы "Казхром" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қайғылы оқиға 20 сәуір күні болған.
Металды ұсақтау жұмыстарын орындау кезінде ұсатушы қызметкер өмірге қауіпті ауыр жарақат алған, – деп хабарлады компания өкілдері.
Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабар беріліп, тергеу жұмыстары басталды.
Компания басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмекті көрсететінін жеткізді.