Денсаулық сақтау министрлігі ми қан айналымының бұзылыстарын ерте анықтауға бағытталған жаңа бағдарламаларды енгізу нәтижелері туралы хабарлайды.
2026 жылдың басынан бастап 50 жастан асқан 82 мыңнан астам ер азамат брахиоцефалдық тамырларды ультрадыбыстық зерттеу арқылы тексеруден өтті.
"Зерттеу қорытындысы бойынша шамамен 5 мың адамда (6%) бас және мойын тамырларының стенозы анықталды. Бұл – инсульттің негізгі қауіп белгілерінің бірі. Аталған патологияны дер кезінде анықтау ауыр асқынулардың алдын алуға, пациенттердің өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді", - дейді министрлік.
Бағдарламаны іске қосу демографиялық және мінез-құлық факторларымен байланысты болып отыр.
"Қазақстанда ерлер мен әйелдердің арасындағы өмір сүру ұзақтығының айырмасы 8 жылдан асады. Бұл көбінесе ерлер арасында қауіп факторларының – темекі шегу, төмен физикалық белсенділік және басқа да факторлардың жоғары таралуымен байланысты", - делінген хабарламада.
Министрліктің айтуынша, 2026 жылғы қаңтардан бастап ер азаматтардың арасында цереброваскулярлық бұзылыстарды ерте анықтауға арналған зерттеу әр 2 жыл сайын жүйелі негізде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта инсульттер қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын жалпы өлім құрылымының 32%-ын құрайды. Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде 2026 жылдың алғашқы екі айында қанайналым жүйесі ауруларынан болатын жалпы өлім 16,3%-ға төмендедген.