Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды

/
Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды
видеодан скриншот

Өскемен қаласында Mazda маркалы автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 18 сәуір күні шамамен сағат 23:00-де Жібек жолы көшесінде, «Алтай» көтерме-тарату орталығы ауданында болған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен көліктердің біріндегі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеткізілді», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Талдықорған маңында, Алматы – Өскемен тас жолында 11 адамның зардап шегуіне әкелген ауыр жол апаты болғаны хабарланған еді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары