Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Ерлік Сертай Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан Гран-при турнирінің алтын медалі үшін сынға түседі.
Жекелей сайыста отандасымыз финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Сертай Швейцария өкілі Ян Хауриді 15:12 есебімен жеңді.
Енді шешуші кездесуде Ерлік венгриялық Давид Надьпен алтын жүлдені сарапқа салады.