Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан Әлем кубогі кезеңінде қола жүлдеге ие болды

/
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан Әлем кубогі кезеңінде қола жүлдеге ие болды
Olimpic.kz

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үшінші орын иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы таспамен орындалатын жаттығуда қола жүлдеге қол жеткізді.

Финалда Ерекешева 27 ұпай жинады.

Германия өкілі Дарья Варфоломеева жарыс жеңімпазы атанды — 28.800 ұпай. Италия гимнасты София Раффаэли 28.500 ұпаймен екінші орынды иеленді.

Айта кетейік, Ерекешева шығыршықпен орындалатын жаттығудың финалында да өнер көрсетіп, алтыншы орын алды (27.950).

Ал көпсайыстың қорытындысы бойынша отандасымыз оныншы орынға тұрақтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары