Қазіргі таңда Бакуде (Әзірбайжан) көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева аталған турнирде бірден екі финалға жолдама алды.
Гимнаст шығыршықпен (26.900 ұпай) және таспамен (28.500 ұпай) орындалатын жаттығуларда іріктеу кезеңінен сәтті өтті.
Айта кету керек, Ерекешева жекелей көпсайыста оныншы орынға тұрақтады. Ол жалпы есепте 107.7550 ұпай жинады.
Таисия Онофрийчук (Украина) жарыс жеңімпазы атанды - 115.650 ұпай.Дарья Варфоломеев (Германия) 114.750 ұпаймен екінші орынды иеленді. Стиляна Николова (Болгария) 114.050 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.