Алматы облысында 5 автокөлік соқтығысты

/
Алматы облысында 5 автокөлік соқтығысты
видеодан скриншот

Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 32-шақырымында бес көлік қатысқан жаппай жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, Mitsubishi көлігі Toyota Carina E автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Toyota Carina E инерциямен алда тұрған Volkswagen көлігіне соғылған. Оқиға тізбегі жалғасып, кейін Toyota Camry мен Audi көліктері де соқтығысқан.

«Полиция қызметкерлері Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісін жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол-көлік оқиғасына себепкер болғаны үшін жауапкершілікке тартты. Алдын ала мәлімет бойынша, Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 32-шақырымында Mitsubishi жүргізушісі Toyota Carina E көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Toyota Carina E инерциямен Volkswagen көлігіне соғылып, одан әрі Toyota Camry мен Audi көліктерімен соқтығысқан», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Барлық бес көлік те механикалық зақым алған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына қатысушылардың ешқайсысы зардап шекпеген.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары