Тоқаев БАӘ Президентіне қолдау білдіріп, хат жолдады

/
Тоқаев БАӘ Президентіне қолдау білдіріп, хат жолдады
ortcom.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің басшысы Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға қолдау хатын жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы өз хатында Таяу Шығыста қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты БАӘ еліне қолдау білдіріп, ізгі тілегін жеткізген. Сондай-ақ ол Әмірліктердің қазіргі қиындықтарды еңсеріп, стратегиялық даму бағытын сақтап қалатынына сенім білдірді.

Президент Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның көреген әрі байсалды басшылығы елдің тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті дипломатия мен сындарлы диалогтың ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылыққа жетудің ең тиімді жолы екенін ерекше атап өтті.

Ақорда мәліметінше, бұл хат екі ел арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін және стратегиялық әріптестіктің нығайып келе жатқанын көрсетеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар