Қазақстан төлқұжаты Henley & Partners компаниясының Henley Passport Index әлемдік рейтингінде өз позициясын нығайтты. 2026 жылғы жаңартылған деректерге сәйкес, еліміз 57-орынға көтерілді, ал Қазақстан азаматтары 78 елге визасыз бара алады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан қай орында?
Жаңартылған индекс бойынша Қазақстан төлқұжаты жаһандық рейтингте біртіндеп жоғарылап келеді.
Егер 2023 жылы Қазақстан 70-орында болса,
2024 жылы — 66-орын,
2025 жылы — 61-орын,
ал қазір — 57-орынға көтерілген.
Осылайша, соңғы 2,5 жылда Қазақстан паспорты 13 позицияға жоғарылады.
Рейтингте еліміз Боливия мен Беларусьтен жоғары, бірақ Косово мен Қытайдан төмен орналасқан.

Орталық Азия елдері қай орында?
Өңір елдерінің ішінде Қазақстан орта деңгейде тұр.
Қырғызстан мен Өзбекстан — 73-орын (59 елге визасыз)
Тәжікстан — 79-орын (53 ел)
Түрікменстан — 87-орын (45 ел)
Басқа елдер:
Ресей — 44-орын (113 бағыт)
Беларусь — 58-орын
Әзербайжан — 66-орын (67 ел)
Ең мықты және ең әлсіз төлқұжат
Рейтинг көшбасшысы — Сингапур. Бұл елдің азаматтары 192 елге визасыз бара алады.
Ал Жапония мен Оңтүстік Корея азаматтарына 187 ел ашық.
Көшбасшы елдер:
Сингапур
Жапония
Оңтүстік Корея
БАӘ
Швеция
Бельгия
Дания
Финляндия
Франция
Германия
Ирландия
Италия
Ең әлсіз төлқұжат — Ауғанстан. Ол тек 24 елге кіруге мүмкіндік береді.
Тізімнің соңында:
Ауғанстан
Сирия
Ирак
Йемен
Пәкістан
Сомали
Солтүстік Корея
Непал
Бангладеш
Эритрея
Шри-Ланка
Палестина
Henley Passport Index деген не?
Henley Passport Index — бұл әлемдегі елдердің визасыз саяхат мүмкіндігін көрсететін жаһандық рейтинг.
2025 жылғы нұсқада:
199 төлқұжат
227 бағыт қарастырылған
Бағалау жүйесі:
Егер елге визасыз кіруге болса — 1 балл
Виза келгенде рәсімделсе немесе ETA (электронды рұқсат) қажет болса — 1 балл
Ал алдын ала виза алу қажет болса — 0 балл