Бүгін – Шөмішбай Сариевтің туғанына 80 жыл

/
Бүгін – Шөмішбай Сариевтің туғанына 80 жыл

Қазақ поэзиясында сыршыл лирикасымен оқырман жүрегінен орын алған көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің туғанына 80 жыл толды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақынның шығармашылығы махаббат, туған жер, адамгершілік пен өмірдің мәні секілді мәңгілік тақырыптарды терең толғайды. Оның өлеңдеріне жазылған көптеген әндер халық арасында кеңінен танылып, ел жадында сақталды. 

Шөмішбай Сариев – қазақ әдебиеті мен ән өнерінің дамуына, аударма ісінің өрістеуіне сүбелі үлес қосқан қаламгер. Оның шығармалары бірқатар шет тілдерге аударылып, шетел оқырманына жол тартқан. 2000 жылы Шөмішбай Сариев Бухарестте «ЮНЕСКО» ұйымдастырған дүниежүзілік ақындар симпозиумына Қазақстан мен Орта Азия атынан барған санаулы тұлғалардың бірі болды. Сонымен қатар, қазақ ақындары арасында тұңғыш рет «Ғашықтар жыры» және «Бозжорға» атты авторлық бейнетаспалары жарық көрген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары