Астанада 17 сәуір күні жастарға арналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңке 17 сәуірде сағат 14:30-да Жеңіс даңғылы, 62 мекенжайында орналасқан С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғимаратында ұйымдастырылады.
Бұл – жастар үшін жұмыс табуға, жұмыс берушімен әңгімелесуден өтуге және қаланың жетекші компанияларымен танысуға мүмкіндік.
Ізденушілерге өзекті бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс берушілермен кездесулер және карьералық кеңестер ұйымдастырылады.