АҚШ-тағы бұрғылау қондырғылары күрт азаюда
АҚШ-тағы бұрғылау қондырғылары күрт азаюда
Өткен аптада АҚШ кен орындарында пайдаланылатын бұрғылау қондырғыларының саны 734 қондырғыға дейін азайды, - деп жазады Baker Hughes Inc. Мұнай бағасының төмендеуі өткен жылдан бері бұрғылау қондырғыларының саныын күрт азайтты.
Қазіргі кездегі көрсеткіш былтырғы жылдың ең жақсы деңгейінен (1609 қондырғы) 54%-ға төмен. Bake Hughes мәліметтері бұл көрсеткіш қатарынан 19 апта қысқарып келе жатқандығын көрсетеді. Bake Hughes деректеріне сүйенсек, есептік аптада пайдаланылатын газ бұрғылау қондырғыларының саны 8 қондырғыға, 217 қондырғыға дейін кеміген.
Baker Hughes деректері бойынша, алдыңғы аптада АҚШ-тың мұнай және газ кен орындарындағы бұрғылау қондырғыларының саны 2009 жылдан бері алғашқы рет мыңнан төмен түсіп кеткендігі анықталып отыр. Кейбір сарапшылар бұрғылау әдісінен келетін пайданың енді шамалы екендігін айтуда.