Ертең елімізде ауа райы қандай болады

/
Ертең елімізде ауа райы қандай болады
istockphoto

Қазгидромет 13 сәуірге Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамдарын ұсынды. 

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде тұман болады. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығы мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыс бағытынан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Қалада да шаңды дауыл болжанып отыр.

Түркістан облысының солтүстігінде солтүстік-шығыс желі соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың батысы мен солтүстігінде өрт қауіпі жоғары деңгейде сақталады.

Атырау облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз кей аймақтарда қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-шығыс бағытынан соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында да жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында аздаған жаңбыр мен найзағай болжанады. Жел оңтүстік-шығыс бағытында, күндіз облыстың батысы, оңтүстігі және орталығында екпіні 15-18 м/с болады.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман болады. Солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, облыстың оңтүстігі, солтүстік-шығысы және орталығында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с жетеді. Ақтауда жаңбыр, найзағай, күндіз кейде қатты жаңбыр мен бұршақ жауады.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр мен найзағай болады. Батысы мен шығысында тұман сақталады. Қостанай қаласында жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында аздаған жаңбыр мен найзағай болады. Облыстың солтүстігі, батысы және орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Қонаев қаласында да өрт қаупі бар. Іле Алатауы аймағында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандары) 13 сәуірде күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай болады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі, орталығы мен таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыс желі соғып, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с жетеді. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман болады.

Абай облысының солтүстігінде тұман болады. Жел бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады. Жел солтүстік-шығыс бағытында соғып, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавл қаласында тұман болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болады. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман болады. Жел солтүстік-шығыс бағытында соғып, облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Батысы мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қарағанды облысының шығыс аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман түседі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-18 метр секундына жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде өрт қауіпі жоғары деңгейде сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі, батысы және орталық бөлігінде тұман болады. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында желдің екпіні 15-20 метр секундына жетеді. Орал қаласында жаңбыр жауып, найзағай болады, түнде және таңертең тұман түседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар